Оралда еңбек мигранттарын Ресейге заңсыз өткізді деген күдікпен 5 азамат
ұсталды. Бұл жайында қалалық сот хабар таратуда. Олардың дерегіне сай,
күдіктілер жұмыс іздеген шетелдіктерді шекара асырып келген.
Арадағы
уағдаластық бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Өзбекстан
азаматтарын Оралға жеткізеді. Ал Оралдағы сыбайластары оларды тынықтырып, тамақ
беріп, кейін заңсыз жолмен Ресейге аттандырады. Бұл кәсіпті олардың былтыр
бастағаны белгілі болды.
Айта кетейік, Өзбекстан азаматтарына Ресейге кіруге
тыйым салынған. Енді кінәсі мойнына қойылғанша, заңсыз адам тасымалымен
айналысқандар екі ай бойы қамауда отырады.
Ұмсын Мұқанғалиева, Орал қалалық сотының судьясы:
Барлығы 5 адам ұсталып отырған. Олармен қатар, қазір РФ адамы да бар. Тағы
да Өзбекстан адамы да бар. Олар әлі ұсталмаған. Шығарылған сот қаулы әлі заңды
күшіне енген жоқ. Үш күннің ішінде шағым беруге олар әлі құқылы.
Еркін КАРИН