$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы құтқарушылармен келісім-шартқа отырды

AstanaTV
08.04.2015ж. 13:00
1142
 «Арселор Миттал Теміртау»  компаниясы құтқарушылармен келісім-шартқа отырды

Қарағандылық кеншілерге құтқарушылар қайта көмекке келетін болды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы, облыстағы  «Көмір» əскерилендірілген апаттан құтқару қызметімен келісім-шартқа қол қойды. Жаңа мəміленің құны 995 млн теңге. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің, біздің арнамызға жолдаған ресми хатында осылай делінген. Енді əскерилендірілген апаттан құтқару қызметі шахталардағы қауіпсіздікті қадағалап, төтенше жағдай орын алса кеншілерге көмекке келе алады.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын «Көмір» құтқарушылары мен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы, қызмет көрсету жөніндегі құжаттың бағасына келісе алмағанын жаңалықтарымызда айтқан едік.

Металлургиялық кәсіпорын былтырғыдан екі есе аз қаражат ұсынғандықтан, «Көмір» құтқарушылары ортақ мəмлеге қол қоймай қойған.
Салдарынан 15 мыңдай кенші 20 күн бойы жер астында еш бақылаусыз еңбек етті.

Айжан ҚУАШ