Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сирия оппозияциясы Нұрсұлтан Назарбаевты елдегі шиеленісті шешуге атсалысуға шақырады

AstanaTV
08.04.2015ж. 13:00
1016
Сирия оппозияциясы Нұрсұлтан Назарбаевты елдегі шиеленісті шешуге атсалысуға шақырады

Сирия оппозициясы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәскеуде өтетін келіссөздерге қатысу туралы өтініш жолдамақ. Бұл туралы Сирия оппозициясының өкілі Ранда Кассис мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Ол Назарбаевқа жұмыс тобымен кездесу туралы өтініш білдіріп хат жолдайтынын айтқан. Кассистің сөзінше, Қазақстан бейтарап ел. БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесіне мүше барлық мемлекеттермен қарым-қатынасы жақсы.

6-сәуірде Мәскеуде Сирия билігі мен оппозициясын бітімге бастайтын келіссөздердің екінші кезеңі басталды. Тараптар елдегі саяси ахуалға қатысты ортақ мәмілеге келуді көздейді.

Еске салсақ, Сирияда соғыс жүріп жатқалы төртінші жыл. Осы мерзім аралығында 200 мыңдай адам қаза болды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА