Вашингтон
Сауд Арабиясына жіберілетін қару-жарақ көлемін арттырмақ. Бұл Йемендегі
хоуситтерге қарсы қолданылған шара, - деп жазады «Джерузалем
пост»
басылымы. Осылайша АҚШ Йемен қақтығысындағы өз рөлін күшейте түспек. Бұған
дейін The Wall Street Journal «Америка әуе
күштері Йеменге шабуылдаушы Араб мемлекеттерінің ұшақтарын отынмен қамти
бастады», -деп хабарлаған.
Сондай-ақ, Иемен аумағын барлайтын
ұшақтар Эр-Риядқа бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ екенін
хабарлайтынын жазды.
Алайда тұрғындар қырылып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мәліметінше бомбалаудан Иеменде 600 адам қаза болған. Еске
салайық, наурыздың соңында Араб мемлекеттерінен құрылған коалиция Йеменнің
басым бөлігін бақылауға алған хоуситтерге қарсы әскери операция бастады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА