$525.87 €614.37 ₽6.72
×

БАӘ тәулігіне мұнай өндіруде рекордтық көрсеткіш жасады

AstanaTV
09.04.2015ж. 10:00
2670
БАӘ тәулігіне мұнай өндіруде рекордтық көрсеткіш жасады

Өткен наурыз айында Сауд Арабиясы мұнай өндіруді тәулігіне 10,3 млн баррельге дейін көбейтті. Елдің мұнай министрі Әл әл-Наими бұл 2002-ші жылдан бергі рекордттық көрсеткіш деп мәлімдеді дейді, Bloomberg ақпараттық агенттігі.

Саудтық министрдің сөзінше, ел таяу арада мұнай өндіру көлемін азайта қоймайды. Шамамен тәулігіне 10 млн баррель өндіру көзделіп отыр. Соған қарамастан Сауд Арабиясы қара алтынның құнын көтеруге қарсы емес екенін жеткізген. Бұл үшін ОПЕК құрамына енбейтін елдердің қолдауы қажет, деді. Министр жақында мұнай бағасы қайтадан көтеріледі деген болжам жасады.

Айта өту керек қара алтынның құны былтыр соңғы 6 жылда болмаған құлдырауға тап болған еді.

Мансұр ЕСХОЖИН