Атырауда қатты жел
тұрып, жаңадан салынған көп қабатты үйдің сыртындағы қалың сылағын құлатып
кетті. Оқыс оқиға кеше кешкісін қаладағы Авангард ықшам ауданындағы нөмірі
39-шы үйдің маңында орын алған. Изоляциялық материалмен қапталып, сыланған
қабырға, бар салмағымен құлап, аулада тұрған «Субару-Форестер» көлігінің дәл
үстіне түскен. Абырой болғанда адамдар дін-аман. Алайда қымбат көліктің иесіне
біраз материалдық шығын келгені анық.
Қазгидромет орталығының Атыраудағы
филиалының өкілдері біздің арна тілшілеріне хабарлағандай, «бұл кезде шаһардағы
желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен».
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ