$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне күзет қойылды

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
1141
Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне күзет қойылды

Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне күзет қойылды. Ол қазір Сырым аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Облыстық соттың баспасөз қызметінің БАҚ өкілдеріне хабарлауынша, жүргізушіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 6-сәуірде, таңға жуық Шымкент-Самара күре жолында жолаушылар автобусы көпірден ауып кетті. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты. Облыстық ауруханаға түрлі жарақатпен 16 адам жеткізілсе, соның екеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Шымкент қаласынан шыққан автобуста 65 адам болған, олар Ресейді бетке алған Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан екі адамнан басқа жолаушылар Өзбекстанға кері қайтарылған.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА