Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Туберкулез мәселелері жөніндегі орталық, аймақтардағы құрт ауруының деректеріне орай түсініктеме берді

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
1250
Туберкулез мәселелері жөніндегі орталық, аймақтардағы құрт ауруының деректеріне орай түсініктеме берді

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде аймақтарда туберкулез дертіне шалдыққандар туралы деректер жиіледі. Осыған байланысты  Республикалық туберкулез мәселері жөніндегі ұлттық орталық мамандары түсініктеме берді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қалыптасып отырған жағдайларға байланысты дәрігерлер алаңдаушылық білдірді. Ақтөбеде бір мезгілде 10 мектеп оқушысынан құрт ауруының таяқшалары табылған. Тексеру қорытындысы барысында, оқу орнының ескі екені, ал сынып бөлмелері желдетілмейтіні анықталған.

Ал Өскеменде жас қыз осы дерттің ашық түрімен ауырса да, қоғамнан оқшауландырылмапты. Фтизиатр мамандар қазір БАҚ беттерінде пайда болған ақпараттар бойынша тексерулер жүргізіп, қорытындысын жақын күндері жарияламақ. Жалпы алғанда Республикада соңғы 10 жылда туберкулезбен күрес оң нәтиже берген. Қатерлі дертке шалдығу 9,5 пайызға, ал өлім-жітім 16 пайызға төмендепті.

Тілеухан Әбілдаев, ҚР Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталық директоры:

Ақтөбедегі оқиғаға байланысты тексеру жүргіздік. Арнайы комиссия аталған мектепті барып тексерді. Нәтижесінде бір сыныпта оқитын 7 оқушының өкпе дертіне шалдыққаны анықталды.  Ал қалған үшеуі өзге сыныптардан болған. Оқушылардың арасында тек бір баладан Кох таяқшасы табылды. Қазір олардың барлығы бақылауға алынып, ем шаралар жүргізіліп жатыр. Мектептің өзге оқушылары химиялық алдын алу іс-шараларынан өткізілді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ