$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Алтын сапа» сыйлығына лайық деп танылған кәсіпкерлер мемлекеттiк сатып алуларда ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарға қол қою мүмкiндiгiне ие болады

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
901
«Алтын сапа» сыйлығына лайық  деп танылған кәсіпкерлер  мемлекеттiк сатып алуларда ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарға қол қою мүмкiндiгiне ие болады

 «Алтын сапа» президенттiк сыйлығына лайық деп танылған кәсіпкерлер келер жылдан бастап тексерістерден босатылады. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуларда ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарға қол қою мүмкiндiгiне ие болады. Бұл туралы журналистермен кездесуде «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлiмдеді.

Айтуынша, «Алтын сапа» белгісінің иегерлері байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалана алады. Яғни, кәсіпкерлер осы уақыт аралығында тексерiстерден босатылады.  Биылдан бастап, сыйлық иегерлерiн анықтау комиссиясы мүшелерiнiң 80 пайызы әр салада қызмет ететiн кәсiпкерлерден құралады.

Айта кетейiк, «Алтын сапа» президенттiк сыйлығы 2006 жылдан бері тағайындалып келеді. 2015 жылдан бастап, оның өткiзiлуi Ұлттық кәсiпкерлер палатасына жүктелiп отыр.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:

Мекемеге айтсақ, мынау сіздердің тауарларыңыз өте сапалы деп, оған жаңағы «Алтын сапа» белгісін беретін болсақ, неге біз олармен ұзақ мерзімді келісім шарттар жасаспасқа? Сондықтан осы мәселелерді біз қазір, оны жасау үшін біраз заңдарға өзгерістер енгізуіміз керек. Сол осы депутаттар арқылы, жаңағы үкімет арқылы біз осы ұсыныстарды енгізіп отырмыз.

Жұрағат БАМАН