$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ардагерлердің Астанада және Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысуына 60 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
942
Ардагерлердің Астанада және Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысуына 60 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Отан соғысы ардагерлерінің жеңіс күніне орай Астана мен Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысуына 60 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Денсулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қаржылай көмек көрсету үшін мемлекеттік бюджеттен 5 млрд 800 млн теңге қаралған. Жеңіс жолында аянбаған ардагерлерге 150 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығындағы көмек бүгінде үйді-үйге жеткізіліп жатыр. Ең қомақты ақшалай жәрдем Астанада - 1 млн теңгені құрайды. Ал Жеңістің 70 жылдығына орай Елордада өтетін әскери шеру ел тарихындағы ең ауқымды шара болмақ. Оған Қорғаныс министрлігінің 5 мыңдай жеке құрамы, 220 әскери техника және 70 әуе техникасы жұмылдырылады деп жоспарланған. 6 ардагер Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін шараға қатысады.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице- министрі:

6 майдан бастап Астанамызға біздің ардагерлеріміз келеді. 270 ардагерді күтіп отырмыз. Оларды қолдап бірге 80 адам бірге қосылып келеді. 350 адам.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ