АҚШ-тың
бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін Президент
сайлауына қатысуға дайын екенін ресми түрде хабарламақ. Клинтон саяси додаға
түсетінін әлеуметтік желілер арқылы айтуы мүмкін деп жазады Рейтерс.
Экс-мемлекеттік хатшы сайлауалды компаниясын Айова және Нью-Гэмпшир сынды
бірқатар штаттарда шағын шаралар ұйымдастырудан бастамақ. Сауалнама нәтижелері
бойынша Клинтон қарсыластарынан көш ілгері тұр. Демократтар лагерінде
Американың қазіргі вице-президенті Джозеф Байден де салмақты кандидат саналады.
Ал республикашылдар атынан сайлауға екі сенатор Тед Круз бен Рэнд Пол түсетіні
айтылған еді. Сонымен қатар жақын арада Флорида штатының бұрынғы губернаторы
Джеб Буш пен Нью-Джерси штатының
губернаторы Крис Кристи де өз кандидатураларын ұсынуы ықтимал.
Саясаткерлер болжамы осындай.
Айгүл ӘДЕПБАЙ