Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент сайлауына қызығушылық танытқан шетелдік байқаушылар саны 450 адамнан асты

AstanaTV
10.04.2015ж. 13:00
977
Президент сайлауына қызығушылық танытқан шетелдік байқаушылар саны 450 адамнан асты

Қазақстандағы Президенттік сайлау науқанына қызығушылық танытқан шет елдік байқаушылар саны 450 адамнан асты. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша үш халықаралық ұйым мен төрт мемлекеттен 50 байқаушыны тіркеді. Ал сайлау барысын бақылайтын шет елдік ақпарат құралдарының саны 98-ден 138-ге дейін артты.

Охлопкова,  ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Шетелдік байқаушылардың отыз жетісі - ТМД байқаушылар миссиясынан, екеуі - ШЫҰ,  төртеуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ Латвия, Румыния және Украинадан екі байқаушыдан, ал Эстониядан бір байқаушы тіркелді.

Орталық комиссия сайлаушыларға қатысты да ақпарат берді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, бүгінге дейін тіркелген сайлаушылар саны 9 млн 514 мың 988. Бүгіннен бастап әрбір азамат тіркелу мекені бойынша жергілікті сайлау учаскесінен өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоқтығы жөнінде ақпарат ала алады. Комиссия мүшесі, сондай-ақ жергілікті әкімдіктерге сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне тиісті жағдай жасалуы жөнінде тапсырма берілгендігін мәлімдеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ