Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді

AstanaTV
10.04.2015ж. 13:00
964
Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді

Қызылорда облысында аулауға тиым салынған жануарлардың мүйізін тиеген қарақшылар тобы ұсталды. Арнайы рейд кезінде, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сырдария ауданы Тасбұлақ елді-мекені маңында екі көлікті тоқтатады. Оларды тексеру кезінде киік пен оның мүйіздерін тәркілеген. Заңсыз ауланған киіктерді тиеген  «Тойота Лэнд Крузер» және  «УАЗ» маркалы 2 автокөліктің ішінде болған 5 адам - жергілікті тұрғындар. Екі көліктің салонынан 12 дана мүйіз, 5 киіктің тушасы табылды. Одан бөлек, аңшы мылтықтары да айғақ зат ретінде табылып отыр. Енді қарақшылар тобы заң алдында жауап береді.

Гүлжахан Қайырбергенова, Қызылорда облысы ІІД бөлім басшысы:

Қазіргі таңда осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, анықтау басқармасымен екі бап бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339 бабы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 337 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Шарипа САҚТАПОВА