Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жел атыраулықтарды тағы да әбігерге салды

AstanaTV
10.04.2015ж. 13:00
1143
 Жел атыраулықтарды тағы да әбігерге салды

Қарқыны қатты желдің әлегі Атырау халқын мықтап әбігерге салды. Бүгінде шахардағы кейбір көпқабатты үйлердің  қабырға қаптамасын төтенше жағдай мамандары құлатып жатыр. Соның бірі «Болашақ» шағын ауданындағы 46-шы үй. Оның апатты жағдайда тұрғанын  байқаған түрғындар, құзырлы орынға хабар берген. Тұрғындардың айтуынша бұрын да  әрең ілініп тұрған сылақ күшті желдің салдарынан ажыраған. Олар  дәл осы үйдің қос қабырға сылағы осыған дейін де құлағанын айтып, биліктен назар аударуды сұрап отыр. Айта кетейік, бұл көпқабатты үй бюджет қаржысына тұрғызылған. Осыдан үш жыл бұрын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға пәтерлер кезекпен таратылған болатын.

Нұрия Мұқанова:

Біз кіргенде осылай болып тұрды, көрініп тұрды. Бірінші жылы мына жақ жарымыз құлады. Одан кейінгі жылы мына жақ жарымыз құлады.  Үй ішіндегі  сылақтар да бәрі түсіп жатыр. Қайда, кімге барам? 27 жыл дегенде кезекте тұрып алған үйім. Тек бір бөлмелі үй алып отырмын. Мынадайдан кейін қорқыныштан тұра алмаймын. Тұру мүмкін емес.

Ринат Түменбаев, Атырау қалалық ТЖБ инженері:

Әзірге белгісіз. Желден бе, әлде үйдің салыну ғимаратынан ба екен. Әлі белгісіз. Қазір кесу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің жұмыс кесу, алдын алу шараларын жүргізу, адамдарды құтқару қаупі ең бірінші құлап кетпеу кісілерге. Одан әрі акимат, ЖКХ шешеді әрі қарай не болатынын.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ