АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, Демократиялық партия өкілі Хиллари
Клинтон 2016 жылдың қарашасында өтетін Құрама штаттар президенті сайлауына
қатысатыны туралы жариялады. Американың 42-ші президенті Билл Клинтонның зайыбы
саяси додада бақ сынауға бел буған. Бұл жөнінде оның кеңесшісі Джон Подеста
хабарлады, деп жазады ТАСС.
Сауалнама нәтижелері бойынша Клинтон қарсыластарынан көш ілгері тұр.
Демократтар лагерінде Американың қазіргі вице-президенті Джозеф Байден де
салмақты кандидат саналады. Ал республикашылдар атынан сайлауға екі сенатор Тед
Круз бен Рэнд Пол түсетіні айтылған еді. Сонымен қатар жақын арада Флорида
штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш пен Нью-Джерси штатының губернаторы Крис
Кристи де өз кандидатураларын ұсынуы ықтимал. Саясаткерлер болжамы осындай.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ