Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Калачи ауылының тұрғындары жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге көшірілуде

AstanaTV
13.04.2015ж. 10:00
960
Калачи ауылының тұрғындары жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге көшірілуде

 «Ұйқы басқан» Калачи ауылынан 60-тан астам отбасы өз еркімен қауіпсіз елді- мекендерге көшірілді. Жаңа мекен-жайды оларға облыс басшылығы ұсынған. 2013 жылдан бері белгісіз дертке ұшыраған ауыл тұрғындарын көшіру туралы шешім өткен жылы қабылданды. Алайда халықты жаңа қонысқа көшіруде бірқатар қиындықтар туындады. Кейбірінде меншігіндегі тұрғын жайының құжаттары болмаса, енді бірі жаңа орынға көшуден бас тартқан.

Десе де, қауіпті аймақтан бірінші болып көшкен 60 отбасының жаңа баспанаға қол жеткізіп, жұмыс табуы, тіпті қаржылай көмек алуы, өзге калачиліктердің пікірін өзгерткендей. Облыс басшылығы көшемін деушілерге өзге кенттерде тағы 20 баспана дайындап отыр. Көшіруде бірінші кезекте балалы отбасыларға көңіл бөлінеді. Калачиде 218 отбасы бар. Ал, үй-жайын қимағандарға Калачидің өзінде барлық жағдай жасалады,-деді жергілікті билік өкілдері.

Нұрлан Нұркенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

Калачиден көшкен ауыл тұрғындарының жай-күйі ауылдастарына үлгі болып отыр. Заң бойынша, әрине көшу әр азаматтың өз еркі. Көшкісі келмейтін отбасылар да бар. Олар жеке кәсіпкерлер, егін егумен айналысатын шаруалар. Сондықтан олар елде қалуды ұйғарған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ