Ауылдағы
және моноқалалардағы кәсіп иелеріне енді 10 миллион теңгеге дейін несие
беріледі. Бұл жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Үкімет «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы аясында бұған дейін беріліп келген шекті несие көлемін 3 миллионан
10 миллионға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Жылдық үстемақы - 12 пайыз.
Депутат Омархан Өксікбаев Қазақстанда келешексіз деп ресми түрде танылған мыңға
жуық ауыл барын атады. Қаржы ұйымдары, ақшаны оңды-солды
таратпай осыны ескеру керек, дейді. Депутат
Солтүстік Қазақстанда қант қызылшасын
өсіру үшін, шаруаға қыруар сома ұстатқан қаржы ұйымы да болғанын айтты. Мұндай
білместік салдарынан қанша млн теңге берілсе де, экономика алға баспайды дейді.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Бүгінде қаржы институттары
қандай ауыл, қандай аймақта қай бағыттың басым екенін, қай салаға қаржы құю
керегін білмейді. Олар несие алатындардың тыныс-тіршілігімен таныс емес.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика
министрінің орынбасары:
Қазақтарға таң қалатыным,
басталмаған нәрсені сөге бастаймыз, жаңағы бағдарлама 2013 жылы басталды. 2014-те беріле
бастады. Бермей жатып, енді оны сөгіп жатырмыз. Ойбай, жеткен жоқ, деп. Балапандарымыз тәй-тәй басып, тілі
шықсын да. Ертең мектепке баратындай. Сондай ғой ол.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ