Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тасқын салдарынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

AstanaTV
14.04.2015ж. 10:00
1351
Тасқын салдарынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Су тасқынының салдарынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнамыздың тілшілеріне хабарлады.

Атап айтқанда, қазір Жаңарқа ауданы аумағындағы Қызылорда-Павлодар, Қарқаралы ауданындағы Қарағанды-Аягөз тас жолдары жабық. Еріген қар суы жолдарды шайып, жергілікті маңызы бар бірнеше көпірді де қиратқан. Сондықтан бірқатар жолдарда көліктің барлық түрі үшін қатынауға тыйым салынды. Мұнан бөлек облыстағы бірқатар ауданаралық көлік жолдары да тасқын судың астында қалды.

Ботақара, Ағадыр, Керней кенттерінен Павлодарға қатынайтын жол бөліктері, Кернейден Теміртау қаласына дейінгі аралықтар жабылды. Бүгінде тиісті шаралар тынымсыз жүргізіліп жатыр. Топан суды арықтар қазу арқылы ағызып жіберу шаралары қолданылуда.

Айжан ҚУАШ 




Алдыңғы жаңалық