$448.13 €478.33 ₽5.58
×

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі: Ішкі нарықтағы отандық өнім үлесі 63 пайыздан артты

AstanaTV
14.04.2015ж. 10:00
1242
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі: Ішкі нарықтағы отандық өнім үлесі 63 пайыздан артты

Отандық тауар өндірушілерді қолдау акциясы алғашқы жемісін бере бастады. Ал Үкіметтің өндірістің түрлі саласындағы ірі компаниялармен жасаған, құны 1,4 трлн теңгелік 880 меморандум жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, ішкі нарықтағы үлесін де жоғарылатты - дейді Индустриялық даму комитетінің басшысы.

Аманияз Ержанов, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздік көмитетінің төрағасы:

2014 жылғы тауарлар мен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді, сатып алуды салыстыратын болсақ арттыру 2 трлн, 492 млрд теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 15 пайызға өсті. Тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі 63,2 пайызды құрады.

Мемлекет ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеуді де өз қолына алды. «Қазақстанда жасалған» тауардың мұнай және металлургия саласындағы сұранысын арттыру үшін, мемлекет ұлттық компанияларға отандық өнімді 20 пайыздық жеңілдікпен беретін болды. Олар «Экспо-2017» көрмесінің құрылысы мен Теңізшевройл кен орнын кеңейтуде кеңінен пайдаланылуда.

Нарықтағы қазақстандық үлеске жауапты комитеттің төрағасы таңғы аста тұтынатын отандық тағам үлесі мен киіміне қатысты да сауалға жауап берді. Аманияз Ержановтың дастарханында отандық өнім болғанымен, кигені импорттық болып шықты. Төраға тіпті отандық жеңіл өнеркәсіп өнімінің сапасына күмәнмен қарайтын көрінеді. Десе де, алдағы уақытта бұл олықылықтың орнын толтырамыз деп мәлімдеді. Алматылық тігін фабрикаларының бірі Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлерін бастан-аяқ киіндіруді мойнына алыпты.

Аманияз Ержанов, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздік көмитетінің төрағасы:

Үкіметтік сағаттың бірінде Әсет Өрентайұлына депутаттар осындай сұрақ қойып, министр оларға келесі кездесуінде бастан аяқ қазақстандық киім киемін деп уәде берген-ді. Мен уәденің орындаларына сенемдімін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ