Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Төрттік елдері СІМ-нің кездесуі

AstanaTV
14.04.2015ж. 10:00
1010
Төрттік елдері СІМ-нің кездесуі

Берлинде өткен «норманд төрттігі» елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Мәскеу мен Киев арасындағы қырғиқабақтық тағы да байқалып қалды. Бұл ақпаратты «Рейтерс» Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерге сілтеме жасап таратуда.

Жиында тұтқындар алмасуды жалғастыру, сондай-ақ, Минскіде қол жеткізілген келісім шарттардың толық орындалуын қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Киев тарапынан Донбасқа экономикалық тосқауыл жалғасуда. Бұл бізді алаңдатып отыр»,- деп мәлімдеді. Сонымен бірге министрлер-қақтығыс аумағында ЕҚЫҰ өкілдерінің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік болу қажеттігін қадап айтты.

Еске салайық, кеше кешкісін Берлинде-Германия, Ресей, Украина және Франция Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен келіссөздер басталды.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Сыртқы істер министрі:

Украинадағы дағдарыс жақын арада шешіледі деп айта алмаймын. Мәскеу мен Киев арасындағы қарама-қайшылық әлі жалғасуда. Осы мәселелерді шешу үшін біраз жұмыс атқару қажет. Украинадағы жағдайды тек келіссөздер арқылы қалпына келтіруге болады. Бастысы, Минск келісімдері толық орындалуы қажет.

Самат ҚАНАҒАТОВ