$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ақтаудағы көрме залы нағыз тропиктік мекенге айналды

AstanaTV
14.04.2015ж. 10:00
1685
Ақтаудағы көрме залы нағыз тропиктік мекенге айналды

Ақтаудағы көрме залы тропиктік мекенге айналды. Бұл жерде Ресейден әкелінген экзотикалық құстар ұшып жүр. Араның түр-түрі, тотықұстар, тіпті мен кішкене амадиндер де бар. Қанаттының 22 түрін кездестіруге болады. Бірақ құстар саны одан да көп. Қосарланып, әр торда бірнешеуден қонақтаған.

Көшпелі көрме Ақтауға ыңғайлы автобустармен жеткізілді. Жергілікті тұрғындардың назарына ұсынылған ең кішкентай құс 5 сантиметрлік, амадин. Ал, ең ірісі жасыл қанатты ара. Салмағы 3 келіден асатын алып құстың ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Тропиктік қанаттылардың арасында адамзат тілінде сөйлейтіндері де бар.

Сондай құстың бірі - сұрғылт жако. Мың жарым сөзге дейін жаттап, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ал, көгілдір-сары тотықұс фотоға түскенді ұнатады. Ақ какадудың мінезі тіптен ауыр көрінеді.

Андрей Селютин, Көрме залының әкімшісі:

Бұл құс өте кекшіл. Бірде кішкентай бүлдіршін қолынан құлатып алған. Содан кейін балаларға жоламайды. Қыздарды да ұнатпайды. Бірде көшіп жүргенімізде оны жападан жалғыз клеткаға отырғызып қойған. Содан кейін әйел адамдарға күдікпен қарайды.

Мансұр ЕСХОЖИН