$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жақын күндері бірқатар аймақтарда өзендердегі су деңгейі көтерілу қаупі бар

AstanaTV
15.04.2015ж. 10:00
1061
Жақын күндері  бірқатар аймақтарда өзендердегі су деңгейі көтерілу қаупі бар

Жақын күндері  бірқатар аймақтарда өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өзендер арнасынан асып тасқын болу қаупі басым.

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді,-деп жазады Қазақпарат. «Қарағанды облысында күрделі гидрологиялық жағдай сақталады. Елдің  шығысындағы өзендерде мұз еруі жалғасып, су арнасынан шығуы ықтимал. Алматы облысы мен оңтүстік өңірлерде су деңгейінің ауытқуы байқалмақ» - делінген ақпарда.

Жұрағат БАМАН