Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат беретін құжат шетелдіктер арасында Қытай
азаматтарына көп берілген. Бұл деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі әлеуметтік қорғауды бақылау комитетінің төрағасы Ахмади Сарбасовқа
сілтеп,ҚазТАГ жариялады. Қаңтар-ақпан айларында шетелдік жұмыс күшін тарту үшін
барлығы 4198 рұқсатнама берілген. Оның тең жартысы аспан асты елінің
азаматтарына тиесілі. Қазақстанға жұмыс іздеп келген шетелдіктер қатарында
сондай-ақ, Түркия, Өзбекстан, Үндістан және Ұлыбританияның азаматтары да бар.
Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсатнама алған шетел азаматтары (2015
қаңтар-ақпан):
ҚХР- 2043 азамат Түркия - 779 азамат Өзбекстан - 305 азамат Үндістан 173
азамат Ұлыбритания - 111 азамат.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА