Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Грекия билігі елдің дефолтқа дайындалып жатқаны туралы ақпарды жоққа шығарды

AstanaTV
15.04.2015ж. 10:00
951
Грекия билігі елдің дефолтқа дайындалып жатқаны туралы ақпарды жоққа шығарды

Грекия билігі  елдің дефолтқа дайындалып жатқаны туралы «The Financial Times» басылымы таратқан ақпарды жоққа шығарды. Бұл жөнінде РИА-Новости хабарлайды.

Бүгінде халықаралық несие беруші ұйымдар Грекияға көмек бағдарламасы аясында тағы 7,2 миллиард еуро бөлді. Аталмыш сомаға қатысты келіссөздерді грекиялықтар 24 сәуірге дейін аяқтауды жоспарлап отыр.  «The Financial Times» Грекияның дефолтқа ұшырайтыны туралы бірнеше рет жазған. Соңғы рет газетте гректердің халықаралық қаржы қорына қарыз 2,5 миллиард еуроны қайтармай, оны жалақы мен зейнетақыға жұмсағалы отырғаны жөнінде мақала жарияланды.

Сарапшылар Грекия экономикасының құрдымға кету себебін, Еуропалық Орталық банк пен Еуроодақтың уақтылы қайта қаржыландыру жасамауымен байланыстырады. Бүгінде Грекияның қарызы 320 миллиард еуроға жетті.

Жұрағат БАМАН