Биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,7 миллиард теңге
бөлінді. Бұл қаражаттың 3 миллиард теңгесі химиялық өңдеу жүргізуге, қалғаны
пестицидтер сатып алуға жұмсалады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері биылдан бастап зиянкестердің таралу
аумағы азаяды деп сендіруде. Биыл үйірлі шегірткенің таралу қаупі зор
аумақтарда мониторинг жүргізілмек. Штаттағы қызметкерлермен бірге анықтау
жұмыстарына барлығы 1234 адам қатысады. Олар GPS-трекерлармен жабдықталады. Бұл
құрылғы шұғыл ақпаратпен алмасып, анықтаушылардың жүрген жері мен жасаған еңбек
көлемін анықтауға мүмкіндік береді,- дейді мемлекеттік инспекция комитетінің
басшысы. Зиянкестерді улау он күннен кейін басталады.
Сақташ Хасенов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция
комитетінің төрағасы:
Бір аптадан кейін Оңтүстікте улау жұмыстары басталады. Уды машинамен жіберу
жұмыстарын бастап жатырмыз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА