Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайлық шенеуніктер қоғамдық көлікпен жүретін болды

AstanaTV
15.04.2015ж. 13:00
798
Қостанайлық шенеуніктер қоғамдық көлікпен жүретін болды

Қостанайлық шенеуніктер қоғамдық көлікпен жүретін болды. Қала әкімі Ахметбек Ахметжанов қарамағындағыларға осындай тапсырма жүктеді. Әкімнің айтуынша, атқамінерлердің 90 пайызы автобуспен қатынамайды. «Тіпті соңғы рет қашан жүргенімізді ұмытып қалдық», - деді қала басшысы. Бұдан былай  сенбі және жексенбі күндері қызметтік көлікпен жүруге шектеу қойылмақ. Ал,бөлім жетекшілері кем дегенде  аптасына бір рет қала ішіндегі бағыттағы автобустармен қатынайтын болады. Ахметбек Ахметжанов мемлекеттік қызметкер халыққа етене жақын жүріп, тұрғындардың жағдайын білуі тиіс дегенді айрықша атап өтті. Енді шенеуніктердің  қоғамдық көлікпен жүруін тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қадағалайтын болды.

Заңғар САНАЙ