$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер тегін емделуі мүмкін

AstanaTV
15.04.2015ж. 13:00
1309
Төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер тегін емделуі мүмкін

Ең төменгі жалақы алатын зейнеткерлерге тегін медициналық қызмет көрсету керек. Мәжілістің жалпы отырысында Төлеш Кенжин осындай депуттатық сауалын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің атына жолдады.

Айтуынша, денсаулық сақтау саласына қыруар қаржы бөлініп жатыр. Соңғы жылдары сома алты есе өскен: 2004 жылы 131 млрд теңге бөлінсе, 2013 жылы 832 млрд теңгеге жеткен.

Депутаттың ойынша, қаржыландырумен қатар, дәрі-дәрмектің құны да артып келеді. Сапалы препараттар бағасы да қымбат. Оны зейнеткерлердің қалтасы көтере бермейді, ал тегін берілетін медициналық препараттар тізімі шектеулі дейді.

Төлеш Кенжин - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚКХП»  фракциясының мүшесі:

Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын зейнеткерлер саны 123 мың адам. Медициналық қызметтің көбі ақылы, ал дәрілердің бағасы жоғары. Мұндай жағдайда емделу жағы қиын. Сондықтан минималды зейнетақы алатын зейнеткерлерге тегін медициналық қызмет көрсетуді ұсынамыз. Ал қалған зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне 50 пайыздық жеңілдік жасалсын. Медицина коммерциялық құрылымға айналып кетті. Ол халық денсаулығымен емес, мәселенің қаржылық жағымен көбірек айналысады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ