АҚШ Президенті Иранның ядролық
бағдаламасына қатысты Конгресс талабына көнді. Барак Обама Cенаттың халықаралық
комитетінде қос партияның да қолдауына ие болған заң жобасына қол қоятын болды.
Енді Конгреске Иранға қатысты кез-келген келісімді қабылдамауға құқық берілмек.
АҚШ Президенті Конгресс шешімімен енгізілген шектеулерді алып тастай алмайды.
Елді тек өз бұйрығымен енгізілген санкциялардан босата алады.
Еске салайық, 2-сәуірде Иран мен «алтылық» елдері Иранның ядролық
бағдаламасына байланысты ортақ келісім жасасты. Оған сәйкес Құрама штаттар мен
Еуроодақ Тегаранды көпжылдық экономикалық санкциялардан босатуы тиіс. Келісімге
30-маусымда қол қойылады. Жетекші елдер Иранға халықаралық санкциядан құтылу
үшін, ядролық бағдарламадан бас тартуды ұсынған.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА