Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы Маңғыстау облысы сайлаушыларымен кездесті

AstanaTV
15.04.2015ж. 20:00
2007
Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы Маңғыстау облысы сайлаушыларымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабы Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті. Штаб мүшелері өңір активімен жүздесіп, еңбек ұжымдарының уәжін тыңдады. Сонымен қатар үгіт-насихат тобының өкілдері кәсіпкерлермен және дәрігерлермен тілдесті. Облыс активі Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрға бір кісідей жиналды. Кездесуге ел үшін, жарқын болашақ үшін келгендерін айтып жатты маңғыстаулықтар.

Қарт Каспий жағасында жатқан Маңғыстау түбегі бүгінде адам танымастай өзгерген. Стратегиялық бағыты бар өңірге айналды. Ел мұнайының төрттен бір бөлігі осы аймақтан шығады. Сонымен қатар, Маңғыстау - елді жаһандық нарықпен байланыстырып отырған күретамыр. Облыста  жыл сайын жиырма мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл өңірде қарқынды жүзеге асып жатқан үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жемісі. Сонымен қатар теңіз айлағы жыл санап дамуда. Елбасы тапсырмасына сай жүктерді өткізу  қабілеті  жылына  16 млн тоннаға жеткізілді. Президент алға қойған ендігі меже - жүк тасымалын 20 млн тоннаға дейін арттыру.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы жетекшісі:

Елбасының дана саясатының арқасында, сара саясатының арқасында бүгінде Маңғыстау ең дамыған өңіріне айналды. Ақтау теңіз порты еліміздің мақтанышына айналды. Маңғыстаудан дүниенің 3 мұхитына жол ашылды. Осының бәрін жасаған біздің Елбасымыз. Ендеше маңғыстаулықтар алдағы сайлауда Елбасын қолдап, дауыс беретініне мен кәміл сенемін. Және сіздерді соған шақырамын.

Салтанат Абдашева, теміржолшы:

Бізді осындай жетістіктерге жеткізген сындарлы да қырағы, алдындағысын болжай білетін көреген басшы, әлемдегі өркениетті елдер сыйлайтын дара саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі деп білемін.

Қазақилықтың қаймағы ұйып тұрған маңғыстаулықтар маңызды күнге дайын. 26 сәуірде өтетін саяси науқанға белсене қатысып, даусымызды тұрақты болашақ үшін береміз дейді.    

Айгүл ӘДЕПБАЙ