Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралда нәрестесін тастап кеткен келіншектің бас бостандығы шектелді

AstanaTV
08.02.2016ж. 20:00
1800
Оралда нәрестесін тастап кеткен келіншектің бас бостандығы шектелді

Оралда жаңа туған сәбиін иесіз гараждардың арасына тастап кеткен келіншек жазасын алды. Оның бір жылға бас бостандығы шектелетін болады. Бүгін қалалық сот нәрестенің өміріне қауіп төндірген ананың ісін қарап, оны кінәлі деп тапты.

Варвара Дмитриенко, Орал қалалық сотының судьясы:

Баланың өміріне қатер төнетін қауіпті жағдайда тастап кету бабы бойынша берілетін ең қатаң жаза 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бірақ сотталушы азаматшаның бұдан бөлек кішкентай қызы бар екенін ескеріп, жаңа туған сәбиі кері қайтарылды.

Оқиға былтыр қарашаның 4 күні болған. Иесіз гараждардың арасында шырқырап жатқан шарананы сол жерден өтіп бара жатқан бейтаныс адамдар тауып алады. Қарашаның қара суығында тоңып қалған сәбиге дәрігерлер "өкпесі қабынған" деген диагноз қойды. Кейін білегіндегі перзентхананың белгісі арқылы анасы табылып, қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, соттан кешірім сұрады.

Сол кезде, күйеуіммен қатты ренжісіп қалдым. Бұл туралы анама айтуға ұялдым, оны одан әрі қинағым келмеді. Қазір істеген ісіме өкінемін. Болашақта ұлымның тәрбиесімен өзім айналысамын.

Еркін КАРИН