Қарағанды
облысындағы Көксу кентінде, тасқын су қаупіне байланысты, әйелдер
колониясындағы жазагерлер шұғыл эвакуацияланды.
Расталмаған деректер бойынша,
эвакуацияланғандар саны жүзден асады. Олардың бір бөлігі - Қарағандыдағы СИ-16
тергеу изоляторына көшірілген. Дерек бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінен жақын арада хабар алуға тырысамыз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ