$518.97 €607.3 ₽6.64
×

ҚР АШМ: Қазақстанда негізгі астық себетін аймақтарды су басу қаупі жоқ

AstanaTV
15.04.2015ж. 20:00
1600
ҚР АШМ: Қазақстанда негізгі астық себетін аймақтарды су басу қаупі жоқ

Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының егістік алқаптарын су басу қаупі жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Мұрат Асылбеков мәлімдеді. Айтуынша, ауыл шаруашылығы мамандары «негізгі астық себетін аймақтар» үшін 2015 жылдың басы қолайлы болатынын болжаған.

Жалпы биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 миллион гектар алқапқа егілмек. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «ҚазАгро» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейлі банктер шаруаларға 60 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие бөлген.

Мұрат Асылбеков, ҚР АШМ фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры:

Қарағандыдан жоғары солтүстік облыстарда бүгінгі күні егістік науқаны басталған жоқ. Егіс науқаны май айының екінші жартысында болады. Соған байланысты су тасқынының ешқандай әсері жоқ әзірге. 

Жұрағат БАМАН