Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан және Түркия президенттері Астанада кездесті

AstanaTV
16.04.2015ж. 13:00
1125
 Қазақстан және Түркия президенттері Астанада кездесті

Дәл осы сағаттарда Ақордада Қазақстан және Түркия президенттерінің шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Соның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған  бұқаралық ақпарат құралдары алдында ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ердоған Түркия Президенті  ретінде Қазақстанға алғаш рет ресми сапарлап отыр. Сапар аясында екі ел басшыларының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысына қатысуы жоспарланған.

Сондай-ақ, мәртебелі мейманның Түркістандағы Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған мешіттің ашылуына  қатысып,  Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған нысандарын ашуға қатысатыны хабарланды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА