$543.24 €619.89 ₽6.78
×

ҚХА Қарағандылықтарға көмек қолын созуда

AstanaTV
20.04.2015ж. 13:00
1165
ҚХА Қарағандылықтарға көмек қолын созуда

Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жылу жинап, қолдау көрсетуде. Ассамблея атынан үй-күйсіз қалған отандастарымызға 1 миллион теңгедей қаржы жиналыпты. Венгр этномәдени бірлестігі су соруға арналған өндірістік құрылғыларды жөнелтуге дайын отыр. Ал Дүнген орталығы болса, 200 жұп аяқ киімді тасқыннан зардап шеккендерге жіберіп те қойған.

Наталья Калашникова,  ҚР Президентіжанындағы «Қоғамдық келісім»РММ директоры:

Ешкімнен бұйрық күтпей, қарағандылықтарға жылу жинай бастадық. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы есеп-шот  ашылғанда, Ассамблея міндетті түрде қаржылай демеу көрсетеді. Бір-екі күнде шамамен  1 миллион теңге жинадық.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА