$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Бірқазандардың жаппай өлуіне Солтүстік Каспийден соққан қатты жел әсері етуі мүмкін деген болжам айтылуда

AstanaTV
20.04.2015ж. 20:00
1237
Бірқазандардың жаппай өлуіне Солтүстік Каспийден соққан қатты жел әсері етуі мүмкін деген болжам айтылуда

Атырауда бұйра бірқазандардың жаппай өлуіне Солтүстік Каспийден соққан қатты жел себеп болуы мүмкін. Арнайы құрылған комиссия мүшелерінің алғашқы болжамы осыған саяды. Олар оқиға орын алған Новинск мемлекеттік қорығы жанындағы Жаркоса учаскесіне барып, жағдайды өз көздерімен көрген.

Айтуларынша, құстар мұнда қатты желмен ығып келген болуы мүмкін. Өйткені өлекселер шіріп кеткен, - дейді комиссия мүшелері. Қамысты, батпақты аумақ болғандықтан, су көлігі жүруге жарамай, бірқазандардың барлығын жинау мүмкін болмады,- дейді олар. Залалсыздандыру мақсатында олардың 20-сы жойылды. Екеуін сынама жасауға облыс орталығына алып келген. Комиссия мүшелері бірқазандардың бастары бар екенін айтады. Бір қызығы - өлген тек бұйрабас бірқазандар, маңынан басқа аң-құстардың өлексесі байқалмаған. 

Сақтапберген Әліпқайыров, Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Бұл құстардың бұдан бірнеше күн бұрын өлгені белгілі болды. Өйткені көбісі шіруге айналған. Жергілікті зертхананың қызметкерлері осы табиғаттың катаклизмалық жағдайлары кезінде құстардың денесінен ұшу қабілетін арттыратын май бөлінетінін айтады. Ал мына өлекселерде май бөлінбеген. Соның салдарынан өлген болуы мүмкін.

Сараптама қорытындысы алдағы сәрсенбіде шықпақ. Айта кетейік, NСОС компаниясы құстардың көктемгі санағы кезінде бұйра бірқазандардың жаппай қырылғанын байқап, жергілікті атқарушы органға хабарлаған. Оператор оптикалық құрылғымен қарағанда, сирек кездесетін құстардың басы жоқ екенін байқаған. Енді құстардың өліміне табиғи фактор әсер етті ме, әлде басқалай себебі бар ма, зертханалық тексеріс қорытындысынан соң белгілі болмақ. Ол екі күннен соң дайын болады,- дейді мамандар.  

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ