Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда автокредит беру бүгін басталды

AstanaTV
20.04.2015ж. 20:00
1562
Қазақстанда автокредит беру бүгін басталды

Ал Қазақстан Даму банкі отандық автоөндірісті қолдау үшін екінші деңгейлі банктермен уағдаластыққа қол қойды. Мемлекет қаражаты 6 бірдей банкке үлестіріледі. Тек Қазақстанда құрастырылған автокөлік сатып алушыларға арналған несие 3 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Ал бастапқы жарна 20 пайызға дейінгі мөлшерде болуы тиіс. Бүгін арнайы жиын өткізген банк өкілдері бұл отандық тұтынушылар үшін өте тиімді екенін айтады. Несие берудің алғашқы күнінде көлік сату орталықтарына жиналған адамдардың қарасы қалың. 

Андрей Лаврентьев, Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті:

Өткен жылы қазақстандықтар сатып алған әрбір 5-ші көліктің өзімізде жасалғаны анықталды. Бұл ішкі нарықтың 22 пайызына тең. Ал бүгін беріліп отырған мемлекет қаражаты автоөндіріс үшін қомақты көмек болады. Зауыттарды қайта жаңғырту, өндіріс көлемін аттыруға жұмсалады. Сондықтан бұл бір реттік шара ретінде қалмауы керек.

Өскеменде де Қазақстанда құрастырылған жаңа көлік иесі атанғысы келетіндердің қатары көп. Автосалон өкілдері күніне елуге жуық өтінім қабылдап жатқандығын хабарлады. 

Александр Норманский, автосалон менеджері:

Жеңілдетілген несие уәде бойынша сәуір айының жиырмасынан басталды. Бірақ бізге адамдар алдын-ала келе бастаған еді.

Заңғар САНАЙ