$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ф.Могерини: «Еуроодаққа мүше мемлекеттер миграция мәселесін осы аптаның соңында қарамақ»

AstanaTV
21.04.2015ж. 10:00
1529
Ф.Могерини: «Еуроодаққа мүше мемлекеттер миграция мәселесін осы аптаның соңында қарамақ»

Еуропалық Одақ кезектен тыс саммит өткізіп, миграция мәселесін пысықтамақ.  Еуроодақ дипломатиясының жетекшісі Федерик Могеринидің сөзіне сенсек, ауқымды жиын апта соңына белгіленді. Бұған дейін Еуропалық комиссия, Еуропалық мемлекеттер Сыртқы және Ішкі істер министрлерінің кездесуі болатынын хабарлаған. Ливиядан, Италияның Лампедуза аралына заңсыз өтпек болған келімсектер мінген балықшылар кемесінің, Сицилия бұғазында апатқа ұшырауы миграция мәселесін ушықтырып тұр.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хаммондтың айтуынша, бұл проблеманы реттеу үшін, ең алдымен Еуропаға мигранттар тасымалдауды ұйымдастыратындармен күресті күшейту керек. Италияның саммит өткізу туралы ұсынысын Испания қолдады. Өткен жексенбіде Жерорта теңізінде, Италияны бетке алған, Солтүстік Африка азаматтары мінген, кезекті қайық суға батты. Тергеу мәліметтері бойынша, кемеде босқындар болған.

Әсем МҰХИТОВА