Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

АҚШ лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 6 адамды қамауға алды

AstanaTV
21.04.2015ж. 10:00
941
АҚШ лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 6 адамды қамауға алды

Құрама штаттардың Федералды тергеу бюросы, лаңкестікке қарсы күрес шарасы кезінде, Миннесота және Калифорния штаттарынан 6 адамды  қамауға алды. Бұл жайында «Рейтерс» хабарлады.

Әзірге, шұғыл операцияның қалай жүргені құпия қалып отыр. Белгілісі ұсталғандар арасында Сомали тумаларының бар екендігі ғана. Ал, Сан-Диего қаласындағы Федералды тергеу бюросының ресми өкілі, 6 адамның қамауға алынғандығы туралы ақпаратты растаған жоқ. Бұған дейін ақпанда, Миннесота тұрғынына «Ислам мемлекеті» содырларына көмек көрсетті деген сипатта айып тағылған болатын.

«Рейтерс» агеттігі еске салғандай, 2007 жылдан бері, Миннесота орталығында тұратын ондаған сомалилық, «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Шабаб» содырларына көмек көрсетуге аттанған. Айта кетейік, соңғы жылдары Америкадағы Миннесота штатына келуші сомалилықтардың саны күрт артқан.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ