$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Шет елде демалуға деген сұраныс 40 пайызға төмендеген

AstanaTV
21.04.2015ж. 10:00
1303
Шет елде демалуға деген сұраныс 40 пайызға төмендеген

Шет елде демалуға деген сұраныс биылғы маусымда 40 пайызға төмендеді. Президент жанындағы туризм жөнiндегi кеңес мүшесi Инна Рэй Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлiмдеді.

Инна Рэй, ҚР президентінің жанындағы туризм жөніндегі кеңес мүшесі:

Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, «Гүлнәр тур» банкротқа ұшыраған соң 40-қа тарта турагенттiк жабылып қалған. Жалпы сұраныстың былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға төмендегенiн байқап отырмыз. Әлемдік қаржылық дағдарыстың да әсері  жоқ емес. Себебi, Ресейде экономикалық ахуал нашарлағандықтан, Түркия курорттарында ресейлiктер азайды. Сондықтан, қонақ үйлердiң бағасы жоғарылаған.

 Инна Рэйдің айтуынша, былтыр жазда туристерді дүрліктірген оқиғалар барысында 11 млн теңгеге сатылған жолдаманың 8 млн теңгесін қайтаруды әуе компаниясы өз мойнына алған. Қалған 3 млн теңге бойынша сот процесі әлі жалғасып жатыр. Отандық туризмге тоқталсақ, 2017-жылы «ЭКСПО-көрмесіне» орай жауапты органдар тағы 26 елмен визасыз режим орнату жөнінде келіссөз жүргізбек. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде Қазақстанға жылына шамамен бір миллиондай турист табан тірейді.

 Мөлдір ДЮСЕКИНА 




Алдыңғы жаңалық