$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Жапониядағы «Фукусима-1» атом электр стансасында апат болып, радиоактивті сұйықтық мұхитқа ақты

AstanaTV
21.04.2015ж. 13:00
1699
  Жапониядағы «Фукусима-1» атом электр стансасында апат болып, радиоактивті сұйықтық мұхитқа ақты

Жапониядағы «Фукусима-1» атом электр стансасында апат болып, радиоактивті сұйықтықтың бір бөлігі мұхитқа ағып кетті. Станцияның операторы «Tokyo Electric Power» компаниясының мәліметіне сай, апатты жағдайғе жаңбыр суын соратын сегіз сорғыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін. Мұхитқа аққан су көлемінің мөлшері  әлі жарияланған жоқ. Қазіргі таңда арнайы контейнерлерде сақталып тұрған радиоактивті судың жалпы мөлшері 240 мың тонна.

Айта кетейік, ақпан айында «Фукусимада» құрамы радиоактивті заттарға толы сұйықтықтың ағу фактілері бернеше рет тіркелген. Өткен аптада Жапонияға МАГАТЭ мамандары жөнелтілді. Олар радиоактивті судың ағуын тоқтатуды бақыламақ.

Жұрағат БАМАН