Жеңістің 70 жылдығына арналған эстафетаны, Қазақстан қабылдады.
Өскемендегі, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің даңқ мемориалы алдында, Ресей
шекарашылары Жеңіс алауын, еліміздің шекарашыларына салтанатты түрде табыстады. Жеңіс алауы, 1941-жылдың маусымында жауға тойтарыс берген Брест қамалын
қорғаушылардың құрметіне биыл 2-ақпан күні тұтанған болатын. Қанды шайқас
кезінде қамал қорғаушылары бір айдан астам уақыт фашистерге қарсы тұрды.
Ал, бүгінгі шекарашылар, алауды Брестке бекінген жауынгерлердің ерлігі мен
төзімділігінің белгісі деп қабылдады. Сондықтан, ТМД елдері бойынша, Жеңіс алауын алып жүру, шекарашылар
үшін зор құрмет. Бүгін Жеңіс эстафетасы Шығыс Қазақстан облысының бірқатар
қалаларында болады. Мұнан соң 2-мамырда еліміздің шекарашылары эстафета кезегін
қырғызстандық әріптестеріне беруі тиіс. Жеңіс алауы эстафетасы 8-мамыр күні Мәскеуде аяқталады.
Игорь Масляков, РФ ФТБ Шекара басқармасы өкілінің орынбасары:
Тұла бойымыз толқып тұр. Өйткені, айналамыз толы адамдар, олардың назары
бізде. Кейінгі ұрпақ біз үшін қан кешкен батыр бабаларды, олардың тарихи ерлік
жолын ұмытпасын. Мына бейбіт күнге жеткеніміз де, сол бізге өмір сыйлаған
аталарымыздың арқасы. Бастысы осыны бағалай білейік.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ