Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылшаға қарсы егілген үндістандық моновакцина барлық нормативтік талаптарға сай

AstanaTV
22.04.2015ж. 10:00
1653
Қызылшаға қарсы егілген үндістандық моновакцина барлық нормативтік талаптарға сай

Қазақстанда қызылшаға қарсы егілген үндістандық вакцина барлық нормативтік талаптарға сай. Емдік дәрі-дәрмектерге, медицинаға арналған бұйымдар мен медициналық техникаға ұлттық сараптама орталығының мамандары, осындай қорытынды жасады. Келтірілген деректерге сүйенсек, аталған вакцина 16 физика-химиялық және биологиялық тексерістен өткен. Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, иммундық вакциналар тендер бойынша алынады. «Соңғы он жыл бойы вакцинаны тендер бойынша үнді компаниясынан алып отырмыз» - деді Бекшин. Aйта кетейік, кеше Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды.

Жандарбек Бекшин, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер:

Үндістанның вакцинасы Қазақстанда бірінші рет пайдаланылып отырған жоқ. Ол вакцина елімізде он жылдан астам пайдаланылып жатыр. Бұл өте жақсы кәсіпорын деп айтуға болады. Сапасы оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаттарымен расталған.

Жұрағат БАМАН