Бүгін Астанадағы ұлттық
академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылды. Осыған орай
өткен салтанатты жиынға мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты. Шара
Ассамблеяның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мұнда 2009 жылдан бастап
жинақталған 1500 данадан аса материал мен құжаттар сақталады. Олардың ішінде
ерекше сұранысқа ие монографиялық еңбектер де бар. Бүгін сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік хатшысына алғашқы оқырман билеті табысталды. Шара
аясында «Менің
Қазақстаным»
анықтамалығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының
мүрағаттық құжаттары мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті.
Гүлшара
Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы:
Мұндай
кітапхана алғаш рет құрылып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған
кітапхана. Меніңше, барлық этноорталық мүшелері осында жиі келетін
болады. Өздерінің материалдарымен бөлісіп, сіздердің де кітаптарыңызды оқиды деп
сенемін. Сондықтан тек сәттілік тілеймін.
Мемлекеттік
хатшы Ассамблеяның 22-ші сессиясына орай өткізілген кеңейтілген отырысқа да
қатысты. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы еліміздің жаңа тарихына
енетінін атап өтті.
Еске салайық, ертең, 23 сәуірде, Нұрсұлтан Назарбаевтың
төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтеді. Күн
тәртібіндегі тақырып - «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр». Сессия жұмысына
1500-ден астам азамат қатысады деп жоспарлануда.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА