Павлодар
облысында заңсыз ағаш тасымалымен айналысқандар ұсталды. Кезекті рейдтік
тексеру кезінде, тәртіп сақшылары Лебяжі ауданы аумағында 50 түп «қарағай»
тұқымды ағашты тиеп алған, екі жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында, «Газ-52»
және «Газ-53» автокөліктерінің жүргізушілері, тиелген ағашқа қатысты құжаттарын
көрсете алмады. Құзырлы мекеменің мәліметіне сай, ұсталған азаматтың бірі
Лебяжі ауданының тұрғыны. Ал екіншісінің Павлодар қаласында тұратыны анықталды.
Олар өздерінің ағаштарды заңсыз отағанын мойындаған. Қазантай ауылы маңынан
кесіп алған қарағайларды саудаға алып бара жатқан көрінеді. Аталған факті
бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-ші бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу
амалдары жүргізілуде.
Бибол
Жұманов, Павлодар
облысы ІІД Әкімшілік полициясының инспекторы:
Екі
жүк көлігінде қарағай ағашы тиелген болды. Сонымен қатар, тексеру барысында осы
ағаштарды олар Қазантай ауылы жанынан ұрлағандары анықталды. Қазіргі
уақытта табиғатқа келтірілген шығын есептелді. Ол 1 млн 300 мың теңгені құрады.
Әсем МҰХИТОВА