$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Азамат Тұматаев 60 миллион теңге айыппұлды бірден төлеп тастады

AstanaTV
23.04.2015ж. 10:00
1617
Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Азамат Тұматаев 60 миллион теңге айыппұлды бірден төлеп тастады

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Азамат Тұматаев 60 миллион теңгені құрайтын айыппұлды бір траншпен төлеп тастады. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тұматаев аталған лауазымға 2014-жылдың наурызында тағайындалған еді. Бірақ, көп ұзамай ол, спорт кешенін салған мердігер компаниялардан бірнеше рет пара алғаны үшін айыпталған болатын. Үстіміздегі жылдың наурызында сот Тұматаевты бір миллион теңгені алғаны үшін кінәлі деп тауып, парадан алпыс есе асатын айыппұл төлеуге міндеттеді.

Ботагөз Баянова, Астана қалалық соты ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі:

2015 жылдың үшінші наурызында шыққан сот үкіміне сәйкес Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Азамат Тұматаев айыппұл ретінде алпыс миллион теңге төлеуі тиіс болатын. Сәуірдің 16-нда айыппұл толықтай төленді. Осылайша, Азамат Тұматаевқа тағайындалған негізгі жаза толық өтелді.

Абзал ҚҰРМАНКИН