Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ресейдің Плесецк космодромынан ұшырылған зымыран апатқа ұшырады

AstanaTV
23.04.2015ж. 10:00
1138
Ресейдің Плесецк космодромынан ұшырылған зымыран апатқа ұшырады

 Ресейдің Плесецк космодромынан ұшырылған зымыран, Архангельск облысына құлады. Сәрсенбі күні көкке көтерілген тәжірибелік зымыран-тасығыштың апатқа ұшырағаны туралы «Интерфакс» хабар таратты. Зымыран 10 шақырым ұшқасын, Архангельск облысындағы Заболотье елді мекені аумағына құлаған. Ақпарат агантігі тілшілері бұл жерде халық аз қоныстанғанын айтады. ТЖМ апаттың болғанын растады, сондай-ақ, құрылғыдан төгілген жанармайдың адамдарға зияны жоқ екендігін мәлім етті.

«Зымыранның жанармайы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес, өйткені оның құрамында зиянды компоненттер жоқ»,- дейді Төтенше жағдайлар кезіндегі Ұлттық басқару орталығының өкілдері. Сонымен қатар, апат болған аумақта жарылыс немесе өрт болмаған.

Еркін КАРИН