Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Лаңкестік әрекет ұйымдастырды деген күдікпен Парижде 24 жастағы студент құрықталды

AstanaTV
23.04.2015ж. 10:00
1188
Лаңкестік әрекет ұйымдастырды деген күдікпен Парижде 24 жастағы студент құрықталды

«Лаңкестік әрекет ұйымдастырды», - деген күдікпен, Парижде 24 жастағы студент құрықталды деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. Францияның Ішкі істер министрі Бернар Казневтің сөзіне қарағанда, болашақ ІТ-технолог 19-ші сәуір күні ұсталған.

Оның автокөлігі мен үйінен қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасы табылыпты. Студенттің соңғы уақытта Сирияға қалай баруға болатыны туралы қызығушылығы арнайы қызметтің күдігін тудырған. Тергеу амалдары кезінде, күдіктінің Париж маңындағы Вильжюифе қалашығында болған фитнес нұсқаушысының өліміне қатысы бар болуы да мүмкін екені анықталып отыр. Өйткені, оқиға орнында алынған сынамалар күдіктінің ДНК көрсеткіштеріне сәйкес келеді, - дейді Бернар Казнев.

Ағымдағы жылдың қаңтарында Францияда орын алған лаңкестік әрекеттерден кейін елде қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен, сол кезде ондаған адам құрықталды. Елдің Ішкі істер министрі басты қауіп, Сириядан оралған франциялық джихадшылардан дейді.

Мансұр ЕСХОЖИН 



Алдыңғы жаңалық