Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Йеменнен Мәскеуге жеткен кезекті ұшақ бортында Қазақстан азаматтары бар

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
1160
Йеменнен Мәскеуге жеткен кезекті ұшақ бортында Қазақстан азаматтары бар

Мәскеуге Йеменнен ТМД елдері және өзге мемлекеттердің азаматтарын эвакуациялаған кезекті ұшақ қайтты. Бортында кем дегенде 5 мемлекеттің азаматтары бар әуе кемесі Ресей астанасы түбіндегі Чкаловск әуежайына қонды. Қазақпараттың ТАСС агенттігіне сілтеп жазған ақпарында, ИЛ-62 ұшағымен Өзбекстанның, Кубаның, Арменияның, Тәжікстан және Қазақстанның, жалпы 160-қа жуық азамат жеткізілгені жазылған. Қазір әуе шабуылдары астында қалған Йеменнен шет ел азаматтарын жаппай шығару шаралары атқарылуда. Бұған дейін дәл осы ИЛ-62 ұшағы 140-қа тарта азаматты қауіпті аймақтан алып шыққан еді. Қазір құтқарылған соңғы 160 азамат медициналық, кедендік бақылаулардан өтіп, уақытша эвакуациялау орталығына жеткізіледі. Айта кетейік, бұл Йеменнен шетелдіктерді алып,  Ресейге қайтқан тоғызыншы рейс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ