$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Франция полицейлері лаңкестік шабуылдың алдын алды

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
931
Франция полицейлері лаңкестік шабуылдың алдын алды

Франция Премьер-министрі Мануэль Вальс жарылыс орын ала жаздаған шіркеуге барды. Елдің солтүстігінде орналасқан Вильжюиф қаласы ақпарат құралдарының басты назарында деп жазады «Рейтерс». Белгілі болғандай жексенбі күні полиция қолға түсірген жігіт шіркеуде жарылыс жасамақ болған. Ол Алжирден келіп, Францияда оқып жатқан 24 жастағы студент болып шықты. Франция Ішкі істер министрі Бернар Казневтің айтуынша, студенттің үйін тінту кезінде қару-жарақтың түр түрі табылған. Министр оқ-дәрілердің бірнеше жарылыс жасауға жететінін айтады. Тұтқындалған жігіт арнайы қызмет өкілдеріне бұрыннан таныс. Былтыр ол Түркия арқылы Сирияға өтпек болған. Жихадшылармен байланысы бар көрінеді. Қазір полиция тұтқынның отбасы тұратын Сен- Дизье елдімекеніне тінту жүргізіп жатыр.

Мөлдір ДЮСЕКИНА