$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ҚХА 20 жылдығы қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар түсіп жатыр

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
1395
ҚХА 20 жылдығы қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар түсіп жатыр

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай әлемнің түкпір-түкпірінен Мемлекет басшысы атына құттықтаулар түсіп жатыр, - деп жазады Қазақпарат.  Беларусь  Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықтау хатында «Қазақстанда құрылған осы бірегей қоғамдық институт елде бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан ұлттардың мәдениеті, тілі мен дәстүрінің сақталуына септігін тигізгенін»  айтқан.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы бүгін Астанада өтеді. Алқалы жиынға мемлекет басшысы төрағалық етіп, өңірлерден мың жарымнан астам делегат келеді деп жоспарлануда. Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» ұранымен ұйымдастырылған сессия, Ассамблея жылы - Қазақстан халқының жетістіктерін паш етуге арналады. Хабарламада Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да барша қазақстандықтардық ортақ қуанышы делінген  хабарламада. Бірлік пен келісім символына айналған ұйымның айтулы датасын атап етуге шет елдік саясаткерлерде қатысады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ